16
апрель
2024
Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелері
Жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуын болдырмау үшін оқушыларымен мектеп әкімшілігімен бірлесіп мектеп инспекторы С. Караулов бірлескен іс-шаралар жүргізілді. 5-8 сыныптар арасында мектеп инспекторы жолда жүру ережесі бойынша көшеде дұрыс жүре білу, жол ережелерін есте сақтау, қауіпсіз жол белгілерін жетік білу туралы түсіндіреме жұмыстарын жүргізді. Сондай – ақ, мектеп инспекторы оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу, түнгі уақытта көшеде жүру, ойын – сауық мекемесінде жүруге болмайтындығы, әлімжеттілік пен бопсалау туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.