Мұхамеджан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына 5 «В» сынып оқушыларымен «Алаштың асыл перзенті» атты экскурсия ұйымдастырды. » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұхамеджан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына 5 «В» сынып оқушыларымен «Алаштың асыл перзенті» атты экскурсия ұйымдастырды.
10
май
2024

Мұхамеджан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына 5 «В» сынып оқушыларымен «Алаштың асыл перзенті» атты экскурсия ұйымдастырды.

Ағымдағы жылдың 6 мамыр күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Адильбекова қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, алаш қозғалысының негізін салушылардың бірі, Алаш Орда үкіметінің мүшесі және оның төрағасының орынбасары, тарихшы-ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш теміржол қатынастарының инженері - Мұхамеджан Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану мұражайына 5 «В» сынып оқушыларымен «Алаштың асыл перзенті» атты экскурсия ұйымдастырды. Мұражай негізгі бағыты тұрғысынан бірнеше топтарға бөлінетінін, тарихи музейлер, көркем өнер музейі, жаратылыстану музейі, техникалық музейлер, мемориалдық музейлер, т.б бағыттары біріктіріліп, Алаш ардақтысының еңбек жолынан сыр шертер мол мағлұматтар алып, бабалардың ерлік рухын сезінуге, одан рухани күш-қуат алуға тәрбиелеу, өнегеге толы өмірімен таныс болды. Экскурсия барысында оқушылар көптеген мағлұматтармен танысып шықты. Өткенге үңіліп, бүгінгіні бағамдап, болашақты бағдарлау үшін төл тарихымызды көпшілікке таныту басты парызымыз.