29
февраль
2024
2024 жылы педагогтерді аттестаттау қағидаларына енгізілген өзгерістер туралы түсіндіру
ПЕДАГОГТЕРДІ АТТЕСТАТТАУ ҚАҒИДАЛАРЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІ ТҮСІНДІРЕМІЗ
Аттестаттау процесін автоматтандыру - бұл педагог қызметі туралы деректерді жинаудан бастап аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде республикалық деңгейдегі ақпараттық жүйеде (платформада) іске асырылатын біліктілік санаты туралы куәлікті қалыптастыруға және беруге дейінгі процесс.
Платформа 2024 жылдан бастап жақын арада анықталатын "пилоттық" облыстарда кезең-кезеңімен енгізілетін болады.
Платформа қалай қалыптастырылады?
🔻Педагогтің қызметі мен жетістіктері туралы ақпараттар автоматты түрде жинақтау және деректерді қолмен енгізу арқылы жүзеге асады.
🔻Деректерді автоматты түрде жинау ЕНТ АЖ, ҚСжАЕК, Дарын, ҰТО, Талап, LMS жүйелерімен интеграциялау есебінен және т.б. жүргізілетін болады.
🔻Деректерді қолмен енгізу әкімшілікке олардың жауапкершілігімен және заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен ғана рұқсат етіледі (білімі туралы диплом, жеке куәлік, басылымдардағы жарияланымдар, конкурстарға, семинарларға, олимпиадаларға қатысу және т.б.).
🔻Педагог платформаға деректерді енгізбейді, тек қана өзінің жеке ЭЦҚ-сы арқылы оның қызметі бойынша автоматты түрде енгізілген және жиналған деректердің толықтығын растайды.
Сондай-ақ, педагог тәулік бойы жұмыс істейтін жеке кабинетке қол жеткізу арқылы платформадағы әр бағалау критерийі үшін автоматты түрде берген ұпайлар түрінде сертификаттау кезеңіндегі өз қызметін бақылап, талдай алады.
Нәтижесінде педагог мерзімінен бұрын аттестаттаудан өте алады немесе ұпайлары төмен және белсендіру қажет екендігі туралы хабарлама ала алады.
🔻Комиссия қызмет нәтижелерін қаңтардан маусымға дейінгі кезеңде немесе білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған мерзімдерде кешенді талдамалық жинақтауды жүргізеді.
🔻Комиссия мүшелері автоматты түрде қалыптастырылған деректердің қорытындысы бойынша педагогтерді бағалау парақтарын (портфолиосын) толтырады. Осылайша, бағалау кезінде адами фактордың қатысу мүмкіндігі болмайды .
✔️Маңызды! Платформаны сәтті іске қосу үшін педагогтер әкімшілікке алдыңғы аттестаттау кезеңіндегі деректерді уақытылы әрі жылдам ұсынуы тиіс.
Айта кету қажет, бұл қиындықтар бірреттік ғана және кез келген республикалық деңгейдегі ақпараттық жүйелер іске қосылған кезде ғана пайда болады.
Платформа іске қосылғаннан кейін пеадгогтер туралы мәліметтер деректерді үнемі енгізіп отыру барысында және автоматты түрде жинақтала бастайды.