11
сентябрь
2024
«Қазақстан халқы тілдері күні»
5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне арналған «Ахмет Байтұрсынұлы - қазақ тіл білімінің атасы» тақырыбында мектебімізде 09-20 қыркүйек арасында Тілдер мерекесінің ашылу салтанатын Адильбекова Г. Исабаева А. Жумажанова Д. өткізді.
Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту. Тіл білімінің негізін қалаған тұлғаларды дәріптеу. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
1989 жылы 22 қыркүйекте «Тілдер туралы» заң қабылданды. Ал Тілдер мерекесінің өзі 1998 жылдан аталып өте бастады. Сол жылы тұңғыш президенттің жарлығымен 22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні болып жарияланды. Алайда араға жиырма жыл салып, атаулы датаның күні өзгерді. 2017 жылы күзде үкімет қаулысымен Тілдер күні 5 қыркүйекке ауыстырылды. Мұның өзіндік себебі бар еді. 5 қыркүйек – қазақ халқының тағдыры мен тілі үшін күрескен Алаш арысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, қазақтың ақыны, түркітанушы, публицист, педагог, қоғам қайраткері. Ол – қазақ ғылымы тарихында ұлттық әліпби жасап, жаңа емле, төте жазу, араб графикасы сынды жаңа үлгі ұсынған реформатор. Ол «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп айтқан болатын.
Міне, осы себептен 2018 жылдан бастап Қазақстан халқы тілдері күні қыркүйектің бесінші жұлдызында мерекеленеді.
https://www.instagram.com/p/C_xcfYdC5z2/