«Критериалды бағалау - сапалы білімнің кілті» тақырыбында облыстық семинар » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Критериалды бағалау - сапалы білімнің кілті» тақырыбында облыстық семинар
12
ноябрь
2017

«Критериалды бағалау - сапалы білімнің кілті» тақырыбында облыстық семинар

    2017 жылдың 10 қараша күні Алматы облысы, Кербулакский район, Сарыөзек кенті,  №49 орта мектебінде өткен ҚР БЖҒМ «ӨРЛЕУ» БАҰО» АҚ филиалы АОБПҚБАИ ұйымдастырған «Критериалды бағалау - сапалы білімнің кілті»  тақырыбында облыстық семинар өтті. Семинарда директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, мектеп үйлестірушісі Л.Салтакова «Критериалды бағалау - оқу жетістігін бағалау» тақырыбындағы таныстырылымы арқылы мектепте атқарып жатқан жұмыстары бойынша өңірлік үйлестірушілермен іс-тәжірибесімен бөлісті. Бастауыш сынып мұғалімдері Г.Суанбекова 2- сыныпта «Мектеп біздің-анамыз» тақырыбында әдебиеттік оқудан үлгі сабақ көрсетсе, Ш.Кебекбаеваның  2 - сыныпта «Мәтін дегеніміз не?» тақырыбындағы сабағында оқушылар өте жақсы белсенділік танытты. Преподавателиіміздің жаңартылған бағдарлама бойынша үлгі сабақтары мен жасаған таныстырылымдары жоғары деңгейде өткізгендіктері бағаланып, АОБПҚБАИ  директоры С.Кенесбаевтың «Құрмет» грамотасымен марапатталды. 

   2017 жылдың  10 қараша күні облыстық «Жетісу» телеарнасында өткен «Талқы» бағдарламасында тікелей эфирде бастауыш сынып мұғалімі Р.Курманбаева мен 2 «ә» сынып оқушысы Айнұр Сабденова қатысты.   Бағдарламада жаңартылған білім беру мазмұны  бойынша берілген сұрақтарға жауап беруімен қатар, домтапсырмасын орындаудағы қиыншылықтар мен оларды қалай орындау керектігі туралы ойларымен бөлісті және оқушылардың жетіп жатқан жетістіктеріне тоқталды.