01
ноябрь
2023
«Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда құрылымдалған тапсырмаларды құру жолдары» атты қалалық семинар
01.11 күні каникулдық әдістемелік жоспарға сәйкес мектебімізде жаратылыстану бағыты бойынша физика, химия, биология, география пәнінен «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруда құрылымдалған тапсырмаларды құру жолдары» атты қалалық семинар ұйымдастырылды. Мақсаты: Құрылымдалған тапсырмаларды құрастыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту, оқыту үрдісінде оқушының белсенді ортасын құру. Мектебіміздің физика пәнінің мұғалімі: Ильясова Эльмира Салихатовна физика сабағында құрылымдалған тапсырмалар жиынтығын құрастыру жолдарын көрсетті. География пәнінің мұғалімі Ташенова Клара Турсынбаевна Құрылымдалған тапсырмалары арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын айтса, биология пәнінің мұғалімі Касеинова Кулшат Кайырбаевна биология сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға арналған тапсырманы қолдану туралы, химия пәнінің мұғалімі Саутова Айхын Тюлимбаевна «Химия сабағында функционалдық сауаттылық тапсырмаларын практика жүзінде мұғалімдермен жасап көрсетті.Қаламыздың мектептерінен 30 мұғалім қатысып, қалалық білім бөлімінің әдіскеріЖ.Нуратаевна семинардың жоғары деңгейде өткені туралы кері байланыс берді.
https://www.instagram.com/reel/CzGjx3pNWHV/
https://www.instagram.com/reel/CzGjx3pNWHV/