Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті жолдауы: “ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ мен ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ” » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті жолдауы: “ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ мен ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ”
16
март
2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті жолдауы: “ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ мен ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ”

Мемлекет  басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті жолдауы: “ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ мен ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ”

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған кезекті “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты жолдауын тыңдадық. Жаңа Қазақстанды құруға бағытталған бұл Жолдау мазмұны терең, ауқымды да маңызды жолдау. Президентіміз қазіргі алмағайып кезеңде орын алып отырған қасіретті қаңтар оқиғасына тоқталып, мемлекетімізге төнген сын-қатер сәтке де тоқталып өтті. Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру басты міндет екенін айтты. Себебі, осы уақытқа дейінгі түйіні шешілмей келе жатқан мәселелердің бәріне бір нүкте қойды. Жаңа Қазақстанды құрудың нақты критерилерін ұсынды.Облыстардың өркендеп дамуына мұмкіндік берді.Президенттің партияға өкілеттілігі туралы да жақсы ой мен пікірлер айтылды. Ұсынылып отырған реформалардың екі өзекті міндеті: біріншіден, қоғамды дәйекті түрде демократияландыруға, екіншіден, мемлекеттің орнықты әрі басқаруға икемді болуын қамтамасыз етуге септігін тигізетіндігін баса атап өтті. Жолдауды көптің күткені рас, жаңа Қазақстанды құруға бағытталған бұл жолдау көңілге сенім ұялатты, болашақты бағдарлай алуға мүмкіндік алдық.Тарих пәнінің мұғалімі Абишева Г. А