25
февраль
2022
14-25.02.2022 жыл аралығында 1,4-сыныптарда «Бастауыш сыныптарда тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында әдістемелік пән бірлестігінің онкүндігіні өтті
14-25.02.2022 жыл аралығында 1,4-сыныптарда «Бастауыш сыныптарда тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында әдістемелік пән бірлестігінің онкүндігіні өтті. Онкүндіктің мақсаты- сабақта тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастыруда белсенді әдіс-тәсілдерді қолдану, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын , функционалдық сауаттылықтарын арттыру. Онкүндікте 1,4-сыныптың мұғалімдері А.Суюндинова , А.Узенбаева, К.Курманбаева, Л.Арынова, Ж.Мамбеткулова, А.Нуркасымова, А.Саутбаева, Р.Касымова,Ж.Хамитжанова, Л.Кашаевалар тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастыруда белсенді әдіс-тәсілдер, логикалық тапсырмалар мен АКТ –ны тиімді қолданып (http://worldcloud.com/, wordwall.net, https://nearpod.com/ , https://kz.padlet.com/dashboard,plickers.com) ашық сабақтар , Д.Пулатова, А.Узенбаева, А.Турганова , А.Ахметхановалар « Логикалық тапсырмалар мен ойын элементтерін математика сабағына кіріктіру арқылы оқушылардың қызығушылығын ояту» тақырыбында шебер сынып, Р.Курманбаева «Жамбыл-Ұлы дала ақыны» әдеби кеш, 1-сыныптар «Бәсекеге қабілетті ұландар», «Своя игра» , 4-сыныптар «Мен зерттеуге үйренемін. Жұлдызды сәт», « Лидер XXI века» атты интеллектуалдық ойындар өткізді. Онкүндікті « Өзара сабаққа қатынасу – мұғалімнің кәсіби өсу жолы» атты тәжірибе алмасу алаңында әр сабақ берген, сабаққа қатысқан мүғалімдер өз сабақтары мен қатысқан сабақтарына қысқаша "SWOT"талдау жасап , онкүндік аяқталды.