Жемқорлыққа қарсы күрес » Страница 3 » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
6-сыныптар арасында «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс
26
апрель
2018
6-сыныптар арасында «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық
       2018 жылдың 26 сәуір күні № 15 орта мектебінің спорт залында 15 мамыр – халықаралық отбасы күніне орай, 6-сыныптар арасында «Әкем, анам және мен» атты отбасылық спорттық сайыс өтті. Сайысқа 6 сыныптардың оқушылары төрт команда болып, ата-аналарымен қатысты. Сайысқа Алматы облысының салауатты өмір салты проблемаларын қалыптастыру орталығының мамандары қатысып, демеушілік көрсетті. Қатысқан оқушы саны – 106.                
Дарынды балаларға арналған «Самғай бер, жас қыран!» атты фестивал
25
апрель
2018
Дарынды балаларға арналған «Самғай бер, жас қыран!» атты фестивал
      № 15 орта мектебінде 2018 жылдың 25 сәуір күні дәстүрге айналған дарынды балаларға арналған «Самғай бер, жас қыран!» атты фестивалі өтті. Фестивальда 1-11 сыныпта оқитын республикалық, облыстық Дарын, ҚҒА, Зерде, Ақбота, Русский медвежонок, «Абай», «Мағжан» оқулары, пән олимпиадаларынан 1-3 орындарға ие болған оқушыларға салтанатты түрде құрмет пен марапат көрсетілді.          
«Интернеттің пайдасы мен зияны» атты пікір талас
25
апрель
2018
«Интернеттің пайдасы мен зияны» атты пікір талас
     2018 жылдың 25 сәуір күні № 15 орта мектебінде «Интернеттің пайдасы мен зияны» атты пікір талас өтті.  Пікір таласқа 9 сыныптар арасында 53 оқушы қатысты. Пікір таластың мақсаты интернет желісінің пайдасы мен зияны туралы түсіндіру.        
«Ардагерлер» ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік іс шара
07
апрель
2018
«Ардагерлер» ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Армысың, әз
         07 сәуір 2018 жылы № 15 орта мектебінің ауласында мектеп «Ардагерлер» ұйымының мүшелерінің ұйымдастыруымен «Армысың, әз Наурыз!» атты мерекелік іс шара өтті.  Мерекеге қала әкімнің орынбасары, қонақтар қатысты. Ұлыстың ұлы күні пісірілетін Наурыз көже таратылып, дастарқан жайылды. Мектеп ауласында оқушылар «Дойбы», «Арқан тартыс» «Асық ату» «Тоғызқұмалақ» ойындарына белсене қатысты.      
«Көктем Аруы» атты қыз сыны
06
апрель
2018
«Көктем Аруы» атты қыз сыны
        6 сәуір 2018 жылы № 15 орта мектебінің акт залында 5 сыныптар арасында «Көктем Аруы» атты қыз сыны өтті. Қыздар өздерін таныстырып, өнерлерін көрсетіп, сайыстарға қатысып, сұрақтарға жауап берді. Қыздарға мадақтама мен номинация бойынша ленталар тағылды. 5 В сынып оқушысы «Көктем Аруы» атағына ие болды.          
"Қош келдің, әз-Наурыз!" атты мерекелік іс-шара
16
март
2018
"Қош келдің, әз-Наурыз!" атты мерекелік іс-шара
        «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, «Рухани қазына» ішкі бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында үстіміздегі жылдың 16 наурыз күні №15 ОМ "Қош келдің, әз-Наурыз!" атты мерекелік іс-шара өткізілді.          Мектеп спорт залында 8-11 сыныптар арасында концерттік бағдарлама, спорттық ойындар мен ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылса, 1-7 сыныптар арасында сынып сағаттары өтті. Мектеп асханасында әр сынып наурыз көже таратып, ұлттық
Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау
07
март
2018
Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау
        Халықаралық әйелдер күніне орай 6 наурыз күні 9 -10 cыныптардың ұлдары үлкен буын сыныптағы қыз оқушыларына құттықтау концерт өткізді. 7 наурыз күні Халықаралық әйелдер күніне орай, «Жоғарғы сынып кеңесі» мектепішілік ұйымның мүшелері өзін өзі басқару күнің өткізді.