01
ноябрь
2023
"БиС технологиясы - бастауыш сыныпта" тақырыбында семинар
1 қараша күні мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімдерімен "БиС технологиясы - бастауыш сыныпта" тақырыбында тәжірибе алмасу мақсатында семинар өткізілді. Мақсаты: математика сабағында "Алгоритм", " Биоинтернет", "Жаттықтырғыш" карталарын тиімді пайдалану жолдарын анықтау, оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру. Семинарда 2-ші сынып жетекшілері С.Садвакасова мен Ж.Мамбеткулова "Алгоритм" картасы арқылы жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, есте сақтау бойынша тапсырмалармен жұмыс жүргізу, тақырыпты терең түсіну бойынша технологиялық картамен жұмыс барысын талқылады. Ал 3-ші сынып жетекшілері Г.Суанбекова мен Н.Цой өткен тақырыпты бекіту, сабақта "оқы да тоқы" ұстанымын жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін "Биоинтернет" картасының жүргізілу алгоритмін талдап көрсетті. 3-ші сынып жетекшілері Л.Кашаева және З.Жексекова оқу сабағының 3-типі "Жаттықтырғыш" картасы бойынша топта жұмыс істеу, жетістіктерге жету мотивациясы, сарапшылар жұмысы, "альфа", "бета", "гамма" тобының жұмысын саралау, білімін өз бетінше қолдану әдістерін талдап, семинардың жұмысын қорытындылады. Бастауыш сынып мұғалімдері семинар барысында технологиялық карталарды жүргізу әдістерімен танысып, толғандырып жүрген сауалдарына нақты жауап алды.