«Туған өлке – тұнған шежіре» атты кездесу кеші
29.11.2017 жылы «Ата-баба дәстүрі –ұрпаққа аманат» бағдарламасы бойынша «Туған өлке – тұнған шежіре» атты кездесу кеші өтті. Кешке9-10 сыныптан 127 оқушы қатысты.
Іс-шараға облыстық және қалалық әжелер алқасының мүшелері: Жақатаева Зәуре Әнуарбекқызы, Сағатбекова Назипа Қапанқызы, Сейтқулова Данагүл Рахымқызы, Әділханов Марат, қала мектептерінің бастауыш әжелер ұйымының төрайымдары, директордың тәрбие-ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.
«Рухани Жаңғыру: болашаққа бағдар» бағдарламасының «100 жаңа есім» бағыты бойынша арнайы қонақ, философия ғылымдарының докторы, профессор, академик Қасабек Аманжол шақырылды. Оқушылармен кездесу жүргізіліп, ойларымен бөлісті. Өткізілген іс-шара 30.11.17ж облыстық «Жетісу» телеарнасынан көрсетілді.
Мақсаты: жас ұрпақтың бойында Отанына, еліне, жеріне, ұлтына деген патриоттық сезім қалыптастыру. Жас өлкетанушыларға туған өлкеге деген қадір-қасиетті оята отырып, сол арқылы өскен өлкеге еңбегі сіңген тұлғаларды таныстыру. Туған халқымыздың әдебиетін тереңірек тануға оны суюге, қадірлеу білуге, дағдырландыру, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.