18
апрель
2018
Дұрыс тамақтану
2018 жылдың 12 сәуір күні № 15 орта мектебінде Алматы облысының «Салауатты өмір салтының проблемаларын қалыптастыру орталығының» маманы, І.Жансугуров атындағы педагогикалық университеттің аға оқытушысы М.А.Сыдыкбекова мен СӨСПҚО маманы А.А.Шарипбаеваның қатысуымен 6 сыныптар арасында «Дұрыс тамақтану» тақырыбына арналған семинар тренинг өткізілді. Семинар тренингтің мақсаты балалар ағзасының дамуына толық психикалық, физикалық, эмоциялық дамуына дұрыс тамақтанудың маңыздылығын атап көрсету.