14.07.2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті. » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 14.07.2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті.
18
июль
2022

14.07.2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті.

14.07.2022 жылы Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан  Республикасының Үкіметінің кеңейтілген отырысы өтті. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инновацияларды ынталандыру, цифрландыруды, ақпараттық қауіпсіздікті дамыту және білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Еліміздің күрделі геосаяси сын-қатерлерге қарамастан, бірқалыпты дамып келе жатқанын атап өтті. Қазір халықаралық институттар әлемдік экономика қарқыны бәсеңдейді деген болжам жасады. Өңірлік дағдарыстың ұзаққа созылып бара жатқанын байқап отырғанын, тіпті, бұл ахуал жаһандық тоқырауға ұшыратады деген қауіп бар екенін атап өтті. Осындай жағдайда Үкіметтің және Ұлттық Банктің негізгі міндеті – инфляцияны тұрақтандырып, азаматтардың табысын арттыру қажеттілігін негізіге алу керектігін ескертті. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашу қажеттілігін маңызды орынға қоюы мемлекетіміздің дамуының бірден бір жолы екені анық. Біз бұл арқылы қоғамдағы жұмыссыздықтың алдыналамыз. Мемлекет басшысының осындай орынды тапсырмалар беруі халқымыздың әл-ауқатын жақсартатынына кәміл сенімдімін. Кеңейтілген отырыста азаматтардың табысын арттыру және адам капиталын дамытуды қолға алу ең маңызды міндеттердің бірі екенін тілге тиек етті. Яғни бұл арқылы халықтың табысын біртіндеп өсіруге болады. Сонымен қатар, халықтың табысын арттыру бағдарламасы қабылданатынын және  жергілікті жерлерде тиімді жұмыс жүргізілуі керектігін ескертті.  Халық саны көбейген сайын тұрақты жұмыс орындарының ашылу керектігін атап өтті. Мемлекет басшысының осындай орынды мәслелерге қатты көңіл бөлуі, еліміздегі жұмыссыздықтың алдын алады деген ойдамыз. Бұның бәрі Жаңа Қазақстанға жасалған алғашқы қадамы деп санаймыз.//Жаңа Қазақстандықолдаймыз//2022жыл//Жаңа Қазақстан//

Похожие публикации: