2022 жылдың 5 қыркүйек күні мектеп асханасын тексеру туралы » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2022 жылдың 5 қыркүйек күні мектеп асханасын тексеру туралы
06
сентябрь
2022

2022 жылдың 5 қыркүйек күні мектеп асханасын тексеру туралы

Бекітемін
Мектеп директоры
____________Г.Омарова

2022 жылдың 5 қыркүйек күні мектеп асханасын тексеру туралы
А К Т
2022-2023 оқу жылында ыстық тамақты ұйымдастыру және бақылау мақсатында жұмыс жоспары жасалынып,жекелеген санаттарға жататын оқушылардың тізімі бекітілді.Мектеп әкімшілігі мен сынып жетекшілері арасында кезекшілік кестесі жасалды.Оқушылардың асханаға барып тамақ ішкенін белгілейтін табель қойылған .Тамақтану орны 120 адамға арналған. 5 адамнан тұратын комиссия мүшелері асхананы тексеру кезінде төмендегі жағдайлар анықталды: асхана меңгерушісі болып арендатор М.Тансикбаева жұмыс жасайды. Тексеріс кезінде асханадағы санитарлық жағдай талаптарға сай емес екендігі анықталды. Тамақ ішетін залдың едені ,қабырғалары таза жуылмаған болуы себепті асхана қызметкерлеріне ескерту жасалды.
Асханада СЭС-пен және мектеп директорының қолымен бекітілген күнделікті және перспективалық ас мәзірі ілініп тұр. Ас мәзірі балалардың дамуына қалыпты әсер ететіндей құрастырылған. Сондай-ақ дұрыс тамақтану тақырыбына арналған стенд жасалып ілінген. Мектеп медбикесі Т.Болекбаева күнделікті бракераж журналын жүргізіп, рұқсатын береді. Асхана қызметкерлері күнделікті тағамдардан сынама алып тұрады.
Биылғы жылы қыркүйек айында мектеп бойынша 293 оқушы тегін тамақтанатын болады. 224-бала жалпы білім беру қорынан, оның ішінде 1-4 сынып оқушылары 115, 5-11 сынып оқушылары 109. Басқа дерек қоры есебінен 69 оқушы тамақтанады . Оның ішінде 1-4 сынып оқушылары - 44, 5-11 сынып оқушылары -25.
Комиссия мүшелері:
Ата-аналар комитетінің төрайымы А.Естемесова
ДТІЖО А.Байконысова
Әлеуметтік педагог А.Жунусова
Медбике Т.Болекбаева