Ата – аналар жиналысы » № 15 орта мектеп. Талдықорған
Жетісу облысы білім басқармасының
Талдықорған қаласы білім бөлімінің
"№15 орта мектебі"
отдела образования Шуского района
Приемная
+7(72636) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Ата – аналар жиналысы
06
январь
2018

Ата – аналар жиналысы

«№15 орта мектебі» КММ  бойынша жалпы ата – аналар жиналысының
№ 1 хаттамасы

05.09. 2017 жыл
Қатысқаны:320 ата-ана
Тақырыбы: «Мектеп  және  отбасы- тәрбиенің ұясы» 
Күн тәртібінде:
1.Жаңа 2017-18 оқу жылында бескүндік оқытуға көшуіне байланысты қойылатын міндеттер мен мәселелер және өткен 2016-2017 оқу жылына талдау
2.Ата – аналар комитетінің төрайымы мен мүшелерін және қамқоршылық кеңестің мұшелерін сайлау.
3.Оқушыларды  жаңа бағдарламамен оқытуға байланысты оқулықпен қамтамасыз ету.
4.«Мектепке жол» акциясының қорытындысы
5.Оқушыларды жалпыға бірдей білім беру қорымен қамту
6.Құқықбұзушылық жөнінде мектеп инспекторымен әңгіме.
7.Әртүрлі сұрақтар.
Тыңдалды: 
1-сұрақ бойынша мектеп директоры Л.С.Кертаева ата-аналарға Қазақстан Республикасының жалпы орта білім білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы айтып өтті. Барлық сыныптар жаңа оқу жылынан бастап 5 күндік оқу аптасына көшу рұқсат етілгені жөнінде хабарлады. Бескүндік оқу аптасы туралы шешімді мектеп әкімшілігі қамқоршылық кеңесі және ата-аналар комитетімен келісе отырып қабылдайтынын айтты.
Осы сұрақ бойынша 5Б сыныптан ата-аналар комитетінің төрайымы Мақұлбекова Әйгерім сөз алды. 5 күндік оқыту кезінде балалардың жас ерекшелігіне сай оқу жүктемесі бөлінсе деген ұсыныс айтты. Сол сияқты 9А сыныбынан ата-ана комитеті төрайымы Желдібаева Әлия да өз тарапынан 5 күндік оқу аптасына қарсылық білдірмейтінін айтып, барлық ата-аналар келісті.
1.Өткен оқу жылындағы ата –аналар комитетінің жұмысының талдауы және жаңа оқу жылына қойылатын міндеттер мен мәселелер.
 Д.Қойғарина өткен  оқу жылында  ата – аналар комитеті жоспарланған, жүйелі түрде жұмыс атқарды. Ата – аналар комитетінің құрамы 4 адамнан әр сынып бойынша 54 адамнан құралды. Ата – аналар комитеті мектептің оқу – тәрбие жұмысы барысында көп көмек көрсетті. Комитет, негізінен оқушылардың сырт бейнесінің ұқыпты болуына, мектептегі санитарлық – гигиеналық норманың сақталуына, оқушылардың сабаққа қатысуын бақылау барысындағы жұмыстарға көп көңіл бөлді. Сонымен қатар, жаңа жылдық мерекелерді, Наурыз мейрамын ұйымдастыруда көп көмек көрсетіп, жоспарға сәйкес іс – шаралар ұйымдастырды.
       Тамыз – қыркүйек айларында «Мектепке жол» акциясы, қаңтар айында «Қамқорлық» акциясы өткізілді. Осы тұста бір әттеген-ай дейтін тұс бар, ол бірен – саран ата – аналардан басқа ата – аналар осындай қайырымдылық акцияларына қатыса бермейді.
            Жалпы ата – аналар комитеті, мектеп ұжымы мен ата – аналар арасындағы дәнекері саналып, бала тәрбиесіне зор үлесін қосып жүр.
2. Ата – аналар комитетінің төрайымы мен мүшелерін және қамқоршылық кеңестің мүшелерін сайлау. 
Л.Кертаева мектеп директоры: Жылдар бойғы мектеп пен отбасының ынтымақтаса жүйелі жұмыстарының нәтижесінде біздің мектеп патриоттық тәрбиені – тәрбие негізі деп алып, салауатты өмір салтын қалыптастырудамыз, үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетудеміз, өнер мен білімді бірге ұштастырудамыз, бос уақытымызды тиімді пайдаланып – жан – жақты жеке тұлға болып қалыптасудамыз деп сеніммен айта аламын. Оның дәлелі, біздің мектеп түлектері: жаңа қоғамға лайықты дарынды да қабілетті, елінің мүддесін ойлайтын, көпмәдениетті тұлға болып қалыптасып, Тәуелсіз еліміздің іргетасын қалауда. Алдағы уақытта да жұмысымыз жемісті болады деп сенемін. Бұл жеміс мектеп пен ата– ананың бірлесе атқарған жұмысының нәтижесі.
        Былтырғы өткен жылы мектеп ата – аналардан ешқандай ақша жинаған жоқ. Ал, ата – аналар мектепте өткен барлық іс – шараларға ат салысып, жыл бойы тығыз байланыста жұмыс жасағандарын атай келе, ата – аналар комитеті мүшелері келесі құрамда сайлансын деп ұсыныс айтты:
1.Нурмуханбетова Сәуле Калмуханбетовна -мектепішілік ата-аналар комитетінің төрайымы 
2.Жиенгожанова Айнұр Сансызбаевна -мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшесі 
3.Бимединов Дильмухамбет -мектепішілік ата-аналар комитетінің мүшесі 
4. Дюсенбекова  А-мектепішілік ата-аналар комитетінің хатшысы.
Осы ұсынылған ата – аналар бірауыздан комитет мүшелігіне қайта  сайланды. Ал ата – аналар комитеті төрайымына жабық түрде жүргізілген сауалнаманың қорытындысы бойынша қайта сайланды.
Попечительский советтің мүшелеріне мынандай ата-аналар сайланды:
1.Ә.Рахатова-ата-аналаркомитетініңтөрайымы
2. А.Жиенкожанова- орынбасары
3 М.Байбасатова  - хатшысы
4.Д.Алдажарова-ата-ана
5.А.Ауезова-ата-ана
6.С.Нурмуханбетова - ата-аналар комитетінің төрайымы 
7.А.Жиенгожанова - ата-аналар комитетінің мүшесі 
8.Д.Бимединов - ата-аналар комитетінің мүшесі 
9. А.Дюсенбекова  - ата-аналар комитетінің хатшысы.

3. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Аликенова сөз алып,
 жоспар бойынша барлық іс-шараларды өткізуде бала тәрбиесіне немқұрайлы болмауға шақырды.  «Мектепке жол» акциясында белсенділік көрсеткен ата-аналарды атап , мектеп директорының алғыс хатын табыстады.
4.Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету және төртінші сұрақ бойынша А.Аликенова таныстырып өтті.
 5. Мектептегі жағдайы төмен отбасы балалары  Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 173 қаулысы сәйкес, қайтарымды негізде тегін оқулықпен қамтамасыз етілді. Мектепте 114 жағдайы төмен отбасылар тізіміне алынған. Осы оқушылар түгелдей оқулықпен қамтамасыз етілді. 1-11- сыныптар 100  пайыз қамтамасыз етілді. Сонымен қатар оқушыларды ыстық тамақ,киіммен қамту іске асуына көмек көрсету. Биылғы оқу жылында 1,2,5,7 сыныптар жаңартылған оқу бағдарламасына енгізіліп, оқулықпен толық қамтамасыз етілді.
6.Ата-аналар мектебімізге жаңадан тағайындалғанинспектор Дастан Алтайұлымен танысты және ол биылғы жылғы құқықбұзушылықтың алдын алу жоспарымен бөлісті.
Шешімі:
1.2017-2018 оқу жылынан бастап барлық сыныптар бескүндік оқу аптасына көшу рұқсат етілсін.
2.Өткен оқу жылында атқарылған жұмыстар қанағаттанарлық деп танылып, алдағы оқу жылына қойылған мақсат, міндеттер түгел орындалсын.
3.Ата  - аналар комитетінің төрайымы , ұсынылған  ата – аналар түгелдей ата – аналар комитеті мүшелігіне және қамқоршылық кеңестің мүшелігіне сайлансын.
4.Ата – аналар оқулық жетпеген оқушыларды оқулықпен қамтамасыз етсін.
5.Ата-аналар балаларының сырт бейнесі, сабаққа қатысуына ерекше көңіл бөлсін.




                     Төрайымы                  Ә.Рахатова

                     Хатшы                       А.Дюсенбекова