«Қамқорлық» акциясы
«Жақсылық жасауға асығайық!» атты мерекелік кештің негізгі мақсаты - жас ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық,қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді дарыту, аз қамтылған, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға ,күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасында анықталған балалардың өзге де санаттарына жататын оқушыларға әлеуметтік көмекпен қолдау көрсету.
Мектепте1-11 сыныптар арасында жоспар бойынша «Жомарт жүрекке иман қонар» атты тәрбие сағаттары өткізілді.
Акцияға барлық сынып оқушылары,ата-аналар белсене қатысып,өз үлестерін қосты. Жоғары ұйымшылдықпен белсенділік көрсеткен сыныптар:
1а,1г,2е,2ә,3ә,4а,4в,4г,4д,5ә,5г,6а,6ә,6б,6в,7а,7в,7г,8а,8ә,8б,8в,9ә,9в,9б,10а,10б,11а,11б.
Сондай-ақ 8 в сыныптың ата-аналары Дю Марина, Бекбулатова И, 8 а сыныптың ата-анасы Саятова Манар, 2 ә сыныбының ата-аналары акцияға белсене ат салысты.
Мектеп бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, әлеуметтік жағдайы төмен отбасы, жартылай отбасы, көп балалы отбасы балалары анықталып «Жан жылуы» қайырымдылық қорынан 143 120 (жүз қырық үш мың бір жүз жиырма) теңге көлемінде 35 оқушыға қыстық-күздік киім, аяқ киім, спорттық киімдер, оқу құралдары мен азық – түлік ретінде көмек берілді.
Үйден оқитын 6 бала шақырылып, оларға сыйлықтар берілді
Үйден оқитын 8 б сынып оқушысы Молдахметова Айдана да өз өнерін көрсетіп, ән шырқады. Іс-шара соңы мерекелік концертке ұласты.
Мектеп асханасынан аз қамтылған, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушылардың тізімі жаңартылып, жалпыға бірдей білім беру қорынан бөлінген қаражаттан 57 оқушы, мектеп арендаторы Д.Абденованың есебінен 57 оқушы барлығы 114 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп келеді. 2017 жылдың қараша айында «Жалпыға бірдей білім беру» қорынан 41 оқушыға 184 880 (жүз сексен төрт мың сегіз жүз сексен) теңгеге қыстық куртка мен қыстық аяқ киімдер берілді.
Айлық бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес оқушылардың сабаққа толық қатысуын қамтамасыз етіліп, кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімдермен бірлесіп оқушылардың сабақтан калмау деректерінің алдын-алу жұмыстары жүргізіліп отырады. Бүгінгі күнге дейін себепсіз сабақтан қалған оқушы тіркелген жоқ. Оқушылардың мектепішілік сабаққа қатысуы күнделікті тексеріліп отырылады.
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің «Оқумен қамтамасыз етілмеген мектеп жасындағы оқушыларды тіркеу ведомствалық есебінің үлгісін бекіту» жөніндегі бұйрығына сәйкес әр айдың 01 күні қалалық білім бөліміне оқушыларды оқумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жайлы (№2 форма тізімдер) есебі беріліп отырады.